"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Годовой отчет

I жарты жылдық қорытынды есеп бойынша «Балдырған» шағын орталығында 
бүгінгі күнде 3 топпен жұмыс жүргізілуде. Оның ішінде 2-топ толық күнді 
«Еркетай»- бірінші сәбилер тобы-18 бала бар. «Күншуақ » ересек  тобы- бала 
саны 26. 1-топ толық емес жарты күнде  -8 бала тәрбиеленуде. Жалпы бала 
саны-  52.
Алға қойған мақсатымыз:
Жылдық жоспар бойынша  балаларға сапалы білім беру.
Сөздік қорларын молайту , толық сөйлеуге , өз ойларын жеткізе  білуге 
үйрету.
 Балаларды адамгершілікке , ұқыптылыққа , өз елінің патриоты болуға , 
қазақ тілін сүюге тәрбиелеу.
 2022-2023 оқу жылдың басында бағдарлама өзгерді. Мектепке дейінгі тәрбие 
мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасында өзгерістер еңгізілді:
 -ойын арқылы оқыту;
 - түрлі  балалармен әрекетін ұйымдастыру арқылы ( ойын, қимыл, танымдық, 
шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) балаларды дамыту.
Біздің бүлдіршіндеріміз ұйымдастыру іс-әрекетіне белсенді 
қатысуда.Психология жағынан алатын болсақ, балалармен психолог Лязат 
Ажакаевна жұмыс жүргізеді. Жыл басында түзету жұмыстары өткізіліп, 
грамматикалық жағынан балалармен нейро жаттығулар, тренингтер, ойындар 
жүргізуде.Балалар жақсы ашылып, байланыстырып сөйлеу, сөйлем құрау, 
сөздік қорлары дамыды. I жартық жылдық ішінде балалар мерекелік іс-
шараларға қатысып, өздерін жан-жақты көрсетіп, таныта білді. Соның ішінде 
қыркүйек айында «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және отаншылдық» 
(Білім күніне арналған тәрбие сағаты). Қазан айнда «Ұстаздар-ұлы тұлғалар» , 
«Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» қарттар күніне арналған тәрбие сағаты. 
Алтын күз ертеңгілігі «Арайлы алтын күз».Желтоқсан айында «Тәуелсіздік 
туы берік қолда!»және Жаңа жыл мерекесі «Қуантып  елді, Жаңа жыл 
келді!» ертеңгілігі өтті.Жылдық жоспарда бекітілгендей педагогикалық кеңес, 
семинарлар, ата-аналармен жұмыс уақытылы өткізіліп өз деңгейінде жүргізілді.
Қыркүйек  айында ата-аналар жиналысы «Баланың балабақшаға бейімделуі» 
атты ата-аналарға арналған тренинг және сауалнамалар, әр түрлі сұрақтар 
талқыланды. Желтоқсан айында «Балалар -біздің болашағымыз» атты жиналыс 
өткізілді.Біздің балабақшамызда 8 педагог жұмыс атқарады .Ұлтық біліктілік 
тестілеуден 3  педагогсарапшы біліктілік санатын алды және2 педогог  
модератор біліктілік санатын алды : Биыл онлайн форматта республикалық 
орталығын ұйымдастыруымен өткен
 

Қорыта айтқанда: Болашақта кәсіби деңгейімізді арттырып іздену жолында 
болып бұданда жақсы жетістіктерге жетеміз деген ойдамыз


Текст