"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Абылайхана села Кызылагаш отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көпшілік алдында талқылау үшін 2025 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында қызметі туралы есебі

2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер

"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы: Ақмола обл, Бурабай ауд, Қызылағаш ауылы, Мектеп көшесі, 15.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 11 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2025 жылы Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 90 қызмет көрсетті;

Оның ішінде:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін – 1 қызмет;

электрондық нұсқада мемлекеттік қызмет көрсетілді – 22 қызмет;

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 36 қызмет.

көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) – 3 қызмет.

көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда)  – 28 қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында негізделген бас тартулар орын алған жоқБілім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»;

«Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныбына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және қабылдау (оқуға қабылдау)»

«Балаларды бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер

Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат  http://sc0027.burabay.aqmoedu.kz/ интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.

Сондай-ақ барлық ведомстволық бағынысты ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

2025 жылы Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 10 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде: ресми интернет-парақшаларда 6 жарияланым орналастырылды және  тікелей эфирде 4 сөз сөйлеу өткізілді.

Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары мен қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебіндегі мини-центр Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс істейді.

        2. 2022 жылдан бастап білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» жүйесі жұмыс істейді, онда 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

3. Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде мемлекеттік қызметтерді 5 қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

Барлық қызметкерлер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2025 жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы және негізсіз бас тартулар болған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Ақмола облысының білім басқармасына қатысты ескертулер жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары

Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;
  • қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст