Абылайхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде бейімделу үрдісін сүйемелдеу барысында 5 сынып оқушыларымен түрлі тақырыптарда психологиялық тренингтар өткізіледі. Солардың ішінде жақсы қарым-қатынас дағдыларын дамыту мақсаты ерекше орын алады:
«Жақсы қарым-қатынас» тренингтік жаттығу
Мақсаты: Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа, достыққа, шындыққа, тәрбиелікке үйрету.
Сәлемдесу.
Менің тренингтік есімім. Шарты: топ дөңгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр оқушы есімін айта отырып, өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады. Оқушылардың бойында табылған нақты қасиеттерді саралап, қорытындылай келе тренингтік жаттығудың ережесін түсіндіру.
Ереже:
Құпиялылық
Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз
Белсенді боламыз
Бір-бірімізге ренжімейміз
«Қазір» және «Осында» принціпі
«Жер сілкінісі» жаттығуы
Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші «шатыр» деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған балалар ауысуы керек. Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде, шатыр астындағы балалар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда бергенде, барлығы орын ауыстыруы керек.
«Ұқсастық шегі» жаттығуы
Шарты: Қатысушылар жұптасып отырады, А 4 қағаз беті және қалам қажет. Жанындағы жұбына қарап, ұқсастықты тауып, «Біздің ұқсастығымыз» деп А 4 қағаз бетіне жазады. Ұқсастық табу үшін 4 минут уақыт беріледі. Жаттығуды орындағаннан кейін, жұп бір-бірінің жазған ұқсастығын оқып, өз ойларын айтады.